2019 жылы 24-27 қыркүйек аралығында «Inn & Science Asia» ғылыми-оқыту орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласында «Туризм» мамандығы бойынша І Республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Олимпиада Халықаралық туризм күніне орай ұйымдастырылды.
Олимпиада ІІ турдан тұрды: І тур- жобаны презентациялау, ІІ тур ашық сұрақтар, тесттер және кейс тапсырмалар.
Олимпиаданың ІІ екінші турында республиканың келесі университеттерінен 15 команда қатысты:
- Мардан Сапарбаев институты (Шымкент қ.);
- С. Аманжанов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қ.);
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ.);
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал қ.);
- Қазақстан-Американдық еркін университеті (Өскемен қ.);
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (Қарағанды қ.);
- М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Петропавл қ.);
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Шымкент қ.).
Олимпиадаға біздің университеттен «Туризм» мамандығының 1 курс студенттері Балмулдин Айбарыс, Батырғалиев Әлібек, Абуғалиева Сәния қатысты. Ғылыми жетекшілері э.ғ.м., аға оқытушы Салимбаева Шолпан Дюсенбаевна, э.ғ.м., аға оқытушы Ислямов Руслан Сейлханович.
Студенттеріміз екі турдың қорытындысы бойынша 64 балмен үшінші орынға ие болды.