2025 жылдың 6-7 ақпанында БҚИТУ Білім және менеджмент, Салалық технологиялар институттарында БҚО бойынша Дін істері басқармасының теолог мамандарыны4 қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбына студент жастарға дәріс өткізілді.
Кездесудің мақсаты білім алушыларға дін бойынша ақпарат беру, сауатсыздықтан діни ұйымдарға кіру қаупін болдырмау және теріс діни ағымдардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында елімізде деструктивті діни ағымдардың астыртын үгіт-насихат жұмысы қоғамда кең тарағаны түсіндіріліп, оның алдын алу мақсатында ақпараттық видеоролик көрсетілді.