Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі даярлық басқармасының мамандары Орал қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында Ашық есік күні аясында кәсіптік бағдар беру және ақпараттық кездесулер өткізді. Іс-шаралар Ж. Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте, №3 жалпы орта білім беретін мектепте, №4 қосымша білім беру мектеп-орталығында, №5 жалпы орта білім беретін мектепте, №9 жалпы орта білім беретін мектепте, №26 жалпы орта білім беретін мектепте, №28 мектеп-лицейде, №39 жалпы орта білім беретін мектепте, Эстетикалық бағыттағы гимназияда және Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияда ұйымдастырылды. Кездесулердің негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру және университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру.Басқарма мамандары оқушыларға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, ҰБТ-ның шекті балдары, қажетті құжаттар, оқу үдерісінің ерекшеліктері және студенттерге берілетін мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берді.Кездесу барысында талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет мамандарынан нақты жауаптар алды. Оқушыларға мамандық таңдауда жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін, сондай-ақ қазіргі еңбек нарығындағы сұранысты ескерудің маңыздылығы түсіндірілді.Мұндай кездесулер мектеп түлектерінің кәсіби бағдарын айқындауға, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алуына және болашақ оқу орнын саналы түрде таңдауына мүмкіндік береді.



