Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» атты танымдық кездесу өтті. Оған ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сартқы талдау және бағалау жөніндегі арнайы мониторинг тобының басшысы Айгүл Түркина, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы,  «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Әлия Салиева, аталмыш университеттің педагогика факультетінің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Баян Жұмақаева мен ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғабдуалиева және студенттер қатысты.

Жиында Әлия Өтемісқызы  өсіп келе жатқан жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру бүгінде күйіп тұрған маңызды мәселе екенін айтты. Ол өз сөзінде жемқорлық – мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететінін, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтінін тілге тиек етті. Елдің болашағы жастардың қолында екенін, сондықтан, қазірден бастап, жемқорлықтың пайда болуына ықпал ететін жағдайларды жою әрбір жастың міндеті екенін  жеткізді.

– Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да еліміздің саясатының негізгі басымдылықтарының бірі – осы зұлымдықпен күресу.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады, – деді өз кезегінде сөз алған Айгүл Серікқызы.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz