Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасының Кәсіби бағдар беру бөлімінің жетекшісі Жанияров Қ.К. Орал политехникалық колледжі мен А. Иманов атындағы жол-көлік колледжіне барып, студенттермен кәсіби бағдар беру бағытында кездесулер өткізді.
Кездесу барысында студенттерге колледжді аяқтағаннан кейін жоғары оқу орнына түсу жолдары, университетке қабылдану тәртібі, білім беру бағдарламалары және болашақ мамандықты таңдау мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар жоғары білім алудың артықшылықтары мен кәсіби дамудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жанияров Қ.К. студенттерді білімін жалғастыруға ынталандырып, болашақ кәсіби жолын жоспарлау мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университетке түсуге қатысты қажетті мәліметтер алды.
Осындай кәсіби бағдар беру кездесулері колледж студенттеріне білімін жалғастыру мүмкіндіктерін таныстырып, олардың кәсіби дамуына және болашақ мансабын жоспарлауына қолдау көрсетуге бағытталған.



