Жеңіс күні – баршамыз үшін қасиетті мереке. Ондаған жылдар өтсе де, ұрпақтар алмасса да, Отанымыздың бостандығын қорғаған ерлер есімі қазақстандықтардың жүрегінде сақталады.
«Жеңіс – халқымыздың тарихындағы теңдессіз ерліктің белгісі. Бұл – біз үшін де, бүкіл адамзат үшін де маңызды сабақ.
Бұл күні біз соғыстан кейінгі ауыр жылдарда елді қорғап, оны түлеткен майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғыс айтамыз.
Ұлы Жеңіске қатысқандардың барлығына мәңгілік даңқ пен терең тағзым!
Баршаңызды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз.
Өзіңіз бен отбасыңызға амандық, зор денсаулық, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!