2026 жылғы 23 қазанда Білім және менеджмент институтының, «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Құқықтық мәдениет – заңдылық пен тәртіптің кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға студенттер, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің шақырылған өкілдері: басқарма басшысы Болграбская Анастасия Михайловна және аға жедел уәкіл Қадырұлы Айдарбек қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері (дроппер, дипфэйк, интернет-алаяқтық және т.б.) талқыланды. Азаматтардың жеке жауапкершілігіне, заңдылық қағидаттарын сақтауға және қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға ерекше назар аударылды.
Шақырылған мамандар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті өмірдегі құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ашық диалог форматында студенттер пікір алмасып, өзекті құқықтық жағдайларды қарастырып, заңнама саласындағы білімдерін кеңейтті.
Өткізілген іс-шара жастардың құқықтық санасын дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және өз құқықтары мен міндеттеріне жауапты көзқарасты тәрбиелеуге ықпал етті.
Дөңгелек үстел студенттер мен Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілдері арасында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған сындарлы диалог алаңына айналды.
Дөңгелек үстел жұмысы қорытындыланғаннан кейін қатысушылар талқыланған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығына тоқталып, Ақжайық телеарнасына сұхбат берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz