Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Тілдер және менеджмент факультеті “Жастар стартапы” бизнес-жобалар конкурсын өткізді, оған факультеттің барлық білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Шарада факультет деканы, қауымдастырылған профессор А.А. Раманова құттықтау сөз сөйлеп, аталған конкурсты өткізудің мақсаты – талапшыл жастарды біріктіру, жаңа ойларды ортаға салу, кәсіпкерлік құрылымдар мен студент жастардың өзара іс-қимыл ынтымақтастығын арттыру екенін атап өтті.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Р.С. Габдуалиеваның төрағалығы құрамындағы қазылар алқасы ұсынылған бизнес-жобаларды лайықты бағалап, барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, келесі жылы жаңа идеялармен бизнес-жобаларын жалғастыруға тілектестігін білдірді.

ЗКИТУ ғылыми бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz