2026 жылы 25 ақпанда, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Салалық технологиялар институтында “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқу орнының оқу корпустарының аумағын қардан тазалау жұмыстарына көлік және технологиялар кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және 6В07104 Технологиялық машиналар мен жабдықтар, 6В11301 Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, 6В07101 Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламасының білім алушылары белсенді түрде қатысты.
“Таза Қазақстан” акциясының негізгі мақсаты – жастарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, университет аумағында тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті насихаттауға тәрбиелейді.

