Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жан-жақты қолдау — мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Осы мақсатта 2026 жылғы 25 ақпанда КПО Б.В. компаниясының өкілдері БҚИТУ-дың Салалық технологиялар институтының 6В11201 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Іс-шараға төмендегі компания өкілдері қатысты:
- Кенжегалиева Гүлзия — еңбек қауіпсіздігі секторының бастығы;
- Басимова Аружан — еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маман;
- Рамазанова Джамиля — еңбек қауіпсіздігі жөніндегі маман;
- Ескалиева Дамира — жалдау бойынша жетекші маман;
- Кульпердисова Альбина — жалдау жөніндегі маман;
- Жасуланова Жанбота — жалдау жөніндегі маман.
КПО Б.В. өкілдері компания қызметі туралы, оның батыс өңірдегі ірі мұнай-газ конденсат өндіруші кәсіпорын екендігі жөнінде, мердігер ұйымдары туралы ақпарат беріп, ішкі еңбек тәртібі талаптарын, жұмысқа қабылдау шарттарын, сондай-ақ ұзақтығы 12 айға дейінгі ақылы жастар тәжірибесінен өту тәртібін түсіндірді. Аталған тәжірибе еңбек өтіліне есептеледі.
Іс-шара барысында таныстырылым материалдары мен компанияда тағылымдамадан өту туралы бейнеролик көрсетілді.
Кездесу соңында белсенділік танытқан студенттерге естелік сыйлықтар табысталды. Білім алушылар компания өкілдеріне жастар тәжірибесінің шарттарына қатысты көптеген сұрақтар қойып, нақты әрі толық жауаптар алды.
Жастар тәжірибесі институт студенттерінің үлкен қызығушылығын тудырды.



