“Jastar kerýeni” жобасы аясында Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университетінің студенттерімен “Jas Otan” Жастар Қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен 10 қазанда мотивациялық кездесу өтті. Кеш қонағы Ақжайық футбол құрамасының ойыншысы Хаиров Руслан. Қонағымыз өзінің өмірлік жолын, Ақжайық құрамасының жоспарлары мен мақсаттарын айтып өтті. Кездесу барысында белсенді студенттер қонағымызға сұрақтарын арнады, еркін диалогтік алаңда сұхбаттасып, жастар тұжырымды жауап алды. Кездесу соңында қонағымыз студенттерге өзінің ізгі тілектерін білдіріп, естелек фото суретпен тəмəмдалды.

