Білім беру іс-шарасы аясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының Ресей Ғылым академиясының Биологиялық жүйелер және агротехнологиялар федералдық ғылыми орталығының (ФНЦ БСА РАН), Орынбор қаласы, ғалымдарымен кездесуі өтті.
Кездесуге Шейда Елена Владимировна — ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру бөлімінің меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы және Кван Ольга Вилорьевна — ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы қатысты.
Елена Владимировна «Ас қорыту жолының эволюциялық дамуы және құрылымдық-функционалдық ерекшеліктері» тақырыбында материал ұсынды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер мен инновациялық зерттеу әдістері, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану перспективалары талқыланды.
Ғалымдар сонымен қатар ФНЦ БСА РАН қызметі туралы айтып, биологиялық сынақтар мен сараптамалар зертханасының жұмыс бағыттарын таныстырды және заманауи ғылыми зерттеулермен таныстырды.
Кездесу ашық кәсіби диалог форматында өтіп, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамын қазіргі аграрлық ғылым өкілдерімен біріктірді.


