Академик Қ. И. Сәтбаевтың туған күніне арналған «Ғылым онкүндігі – 2025» аясында 2025 жылғы 7 сәуірде Салалық технологиялар институтының энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасында «Электр энергетикасы», «Автоматтандыру және басқару» және «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының білім алушылары арасында «Жасанды интеллект: Технологиялар мен қоғам болашағына ықпалы» тақырыбында ғылыми дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – жасанды интеллекттің технологиялардың дамуына, қоғамдық үдерістердің өзгеруіне ықпалын талқылау және оны жауапты әрі этикалық тұрғыда пайдаланудың жолдарын іздеу болды. Іс-шара барысында білім алушылар «Ақылды қалалар», автоматтандыру, білім беру, медицина, энергетика, еңбек нарығы және әлеуметтік өзгерістер секілді бағыттар бойынша 14 баяндама ұсынды.
Цифрландыру дәуіріндегі кәсіптер трансформациясы, басқару жүйелеріне жасанды интеллектті енгізу, сондай-ақ Қазақстан дамуына әсері сияқты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Баяндамалардан кейін қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Дөңгелек үстел білім мен идеялар алмасуға арналған маңызды алаңға айналып, білім алушылардың жоғары дайындық деңгейін және зерттеліп жатқан тақырыптардың өзектілігін көрсетті.

