2026 жылғы 23-сәуірде М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің экономика және бизнес магистрі, жасанды интеллект, маркетинг және digital-стратегиялар бойынша тәжірибелі сарапшы, Digital Bridge және Digital Qazaqstan амбассадоры Абрамова Наталья Юрьевна БҚИТУ-дың білім беру және менеджмент институтының оқытушыларына «AI көмегімен оқытудың креативті әдістері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді.
Шара барысында Claude, NotebookLM, Blooket, Domino сияқты жаңа жасанды интеллект платформалары қарастырылды. Қатысушылар практикалық жұмысқа белсенді қатысып, оқу материалдарын әзірлеуде, интерактивті сабақтар өткізуде және оқытуды дараландыруда AI сервистерін қолдану мүмкіндіктерін меңгерді.

