Соңғы жылдары елімізде садақ ату өнерін ұлттық спорт түрі ретінде дамыту қарқынды дамып келеді. Оған Батыс Қазақстан облысының спорт мамандары да зор үлес қосуда. Атап айтсақ 18.11.24 ж. өңіріміздің МКҚК «Орал» спорт клубының ұйымдастырумен «Nur-Er» ат спорты туристік орталығында «Ұлттық спорт түрлері» Жамбы атудан жасөспірімдер арасында қалалық ашық турнир өтті. Осы турнирге БҚИТУ СТИ – ң ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасындағы 6В10903 – Ветеринария білім беру бағдарламасының 1 – курс білім алушысы Ықсан Аружан түрік стиліндегі Жамбы атуға қатысып, ІІ – ші орын иеленді.

Жамбы ату – қазақтың көнеден жеткен ұлттық ойындарының бірі. Жамбы ату үшін мергенге жүйрік ат пен садақ керек. Бұл ойын арқылы жастарды мергендікке, жаугерлік және батылдыққа баулыған. Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз бар. Ертеде мергендік өнер ұлыс бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз жастарды садақ атуға үйретіп, елін қорғауға тәрбиелеген. Жамбы ату ойынын – көш­пенділер жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін қолданған. Жамбы атудың басты мақсаты: бірін­шіден, жауынгерлік дайын­дықты жетілдіру, екіншіден, ел арасындағы мергендерді анықтап оларды көтер­мелеу, үшіншіден, сыналған мергендерден арнайы топ құрып, елді қорғау үшін күштік құрылым ретінде пайдаланған.

Біз Аружанның жеңісімен мақтанамыз және одан біздің білім алушылары үлгі алып, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін құрметтейді және алдыңғы қатарда болуға ұмтылады деп үміттенеміз.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz