4 мамыр күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне орай 1-3 курс студенттерінің қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» тақырыбында жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды. Шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен өтті.
Университетіміз бойынша диктант жазуға 200-ден аса студент қатысты. Диктант республикамыздың барлық аймағымен бірге жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де басталды.
Жалпыұлттық диктантты жаздуырудағы мақсат – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық ұрпақ тәрбиелеу, студенттердің бойында мемлекеттік тілге деген құрметті арттырып, олардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.

