Ағымдағы жылдың 3-мамырында «Тарих және құқық» кафедрасының оқытушылары Х.М. Құсдавлетов пен Ж.М.Жайлыбаева «Құқықтану қызығы» атты ашық сабақ өткізді. Осы іс-шара аясында «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері әлемнің әртүрлі елдерінің құқықтық жүйесінің ерекшеліктерін, сонымен қатар қылмыстық қатынастарды реттеудегі стандартты емес санкцияларды, әсіресе кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылу мәселелері қарастырылды. Барлық қатысушылар белгілі бір мемлекеттің діни, географиялық және экономикалық ерекшеліктері аясында жасалған қызықты құқықтық нормаларды сипаттады. Көрермендер қатарында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері де қатысты, олардың тарапынан үздік баяндамашыны таңдауға жәрдем берілді.
Слайд-шоумен ұсынылған баяндамалардың ішінен жасырын дауыспен үздік деп танылған 2 курс студенттері Данилова Милана мен Джубаниязова Мехрузаның «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дайындаған материалы бас жүлдені ұтып алды. Сабақ соңында іс-шараның барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздарға диплом және әділет құдайы Фемида мүсіні табыс етілді.
