Ғылым апталығы шеңберінде 2023 жылғы 13 қаңтарда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ИГФ жалпы білім беретін пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2022 жылғы қорытындыларын шығару мақсатында ғылыми семинар өткізілді. Кафедра оқытушыларының ғылыми қызметін дамытудың 2023 жылға арналған перспективалары талқыланды. Семинарда кешенді және бастамашыл тақырыптар бойынша есептер, «Национальный язык как механизм социокультурных изменений казахского этноса» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша Гагарин атындағы СМТУ ізденушісі Ж.Б. Құрманованың қорытынды есебі тыңдалды. Ғылыми семинар қорытындысы бойынша шаруашылық келісім шарт жасау, ҚР докторантурасына түсу қажеттілігі туралы қаулы қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz