2023 жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушылары А.Ж.Ғабдулов пен Ж.М.Жайлибаева құқық қорғау органдары және мектеп әкімшілігінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округінде орналасқан Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ-те кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Осы кездесу шеңберінде 6В12301-«Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізіліп, онда білім беру бағдарламасының осы бағыты бойынша оқытудың мазмұны, мерзімдері мен нысандары көрсетіле отырып, оқуды аяқтаған университет түлектеріне еңбек нарығының сұранысы көп екенін түсіндіріп, сондай-ақ білім алушылардың академиялық ұтқырлығының параметрлері және әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар жасалған кәсіптік практика базаларының сипаттамасы туралы сұхбат берілді. Бұған қоса, мектеп оқушыларына «Тарих және құқық» кафедрасының ПОҚ бастамашылығымен аталған бағдарламаның студенттері қатысқан ғылыми республикалық және халықаралық конференцияларға қатысқан студенттер мен олардың жариялымдары туралы ақпараттар жеткізілді.
Кездесу барысында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға, емтихан сессиясын тапсыру тәртібіне және университетке түсудің жалпы шарттарына, сондай-ақ әскери кафедрада оқуға байланысты сұрақтарға бағытталған бірқатар сұрақтар қойылды.
