2025 жылдың 30 сәуірінде «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Садыкова Л.А. сала технологиялары институтының оқытушыларына мастер-класстар өткізу әдістемесі бойынша семинар өткізді.

Семинарда мастер-класстың мақсаттары мен міндеттері, жетекшінің рөлі, өткізу критерийлері, технология алгоритмі және мастер-класстардың артықшылықтары қарастырылды.
Барлық осы ақпарат мастер-класстардың кәсіби оқытудың тиімді формасы екендігін көрсетуге мүмкіндік берді. Семинарда айтылған әдістемелік ұсынымдар біліктілік емтиханын өткізу, аттестация, байқаулар және оқытушылардың тәжірибе алмасу аясында сапалы даярлықты және тиімді сабақ өткізуге мүмкіндік береді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz