2023 жылғы 28 желтоқсанда №17 жалпы орта білім беретін мектепте 1 сынып оқушыларына арналған салалық технологиялар институтының мансап және практиканы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.У. Жұбаншев Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясын өткізді. Ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада Аяз ата оқушыларды Жаңа жылмен құттықтап, оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Оқушылар Аяз атаға жаңа жылдық өлеңдер айтты. Іс-шара оқушылардың үлкен қуанышын тудырды, ал олардың ата-аналары үлкен алғыстарын білдірді.