2021 жылдың 18 қарашасында «Жаңа толқын 2021» облыстық бірінші курс студенттерінің шығармашылық фестивалі Жастар мәдениет сарайында өтті.
Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асуына ықпал ету, өнерпаз жастардың шыңдалу ортасын қалыптастыру, талантты жастарға арналған тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру, өнерлі жастарды бәсекеге қабілеттілікке үйрету және жоғарғы орта оқу орындарының өнерлі жастарының танылуына мүмкіндік туғызу болатын.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінен барлығы 40 студент қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Университетіміздің студенттері барлығы 9 номинациядан қатысып, жүлделі орындар алды. Фестиваль қорытындысы бойынша БҚИТУ студенттері келесі номинациялардан жүлдегер атанды: “Музыкалық білім” білім беру бағдарламасының студенті Сдихова Аэлита “Үздік дәстүрлі ән” номинациясында II-орын, “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының студенті Оңғарбай Эльмира “Үздік көркем сөз оқу шебері” номинациясында III орын, “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының студенті Досжан Асылбек “Үздік мобилограф” номинациясында III орын, “Сәулет” білім беру бағдарламасының студенті Киянский Илья және “Музыкалық білім” білім беру бағдарламасының студенті Сатқалиев Жантеміс “Аспапта орындау шебері” номинациясында III орын, “Заманауи би” номинациясында біздің студенттер III орын алды.
Шараға белсене қатысқан және ұйымдастырған барлық студенттерге алғыс айтамыз!

