ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық студенттер күніне орай қаламыздағы жоғары оқу орындары мен колледждер арасында шағын футболдан «Достық Кубогі» турнирі өтті. Турнирге жалпы саны 16 команда қатысып, 1 орынды біздің БҚИТУ құрамасы жеңіп алса, қалған орындарды М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (2 орын), РВТК колледжі (3 орын) алды.
