Табиғатқа деген сүйіспеншілікті дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Стандарттау және сертификаттау», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының білім алушылары үшін Орал қаласының Табиғат және экология мұражайына таныстыру экскурсиясы өткізілді.

Планетадағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, бүгінде жастарды қоршаған ортаны сақтау пайдасына шешім қабылдауға дайын жауапты және саналы азаматтар болу үшін табиғат пен экологияға қамқорлық жасауға тәрбиелеу міндеті өзекті бола түсуде.

Білім алушылар зерттеуші ғалымдардың жетістіктері, пайдалы қазбалар, жәндіктер, біздің өлкеміздегі ежелгі жануарлардың табылыстары туралы танымдық ақпарат алды. Мұражайдың ең қызықты экспонаттары – «Дала» және «Орман» диорамалары. Мұражай қызметкерлері туған өлкенің табиғатын жақсы түсінуге және бағалауға, оның сақталуына жауапты болуға мүмкіндік беретін атмосфера құрды.

Жалпы, білім алушыларда экологиялық мәдениетті дамыту-бұл олардың жеке өсуіне ғана емес, жалпы планетамыздың болашағына да қатысты маңызды міндет.

Біз мұражай меңгерушісі Әсел Омарғалиқызы Жұмағазиеваға және мұражай қызметкерлеріне, осындай әдемі мұражайдың дамуы мен күтіміне қосқан үлестері үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.