2023 жылғы 8 желтоқсанда БҚО полиция департаменті мен БҚИТУ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жұмыс берушінің өкілі-тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Аян Талапович Джубандыковпен 6В04202 Құқықтану, 6В04207 сот-прокурорлық қызмет және 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламаларының білім алушыларымен кездесу өткізілді.
Осы кездесуде кадр қызметінің басшысы қазақстандық полиция қатарындағы қызметтің беделі, Қазақстан Республикасының осы құқық қорғау органының міндеттері мен өкілеттіктері туралы айтып берді.
Жұмыс берушінің өкілі ішкі істер органдарына қызметке қабылдау тәртібі, кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары, ұлдар мен қыздарға арналған дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсыру ,олардың практикадан және бастапқы даярлықтан өтуі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
А. Т. Джубандыков ішкі істер органдарында қызмет өткеру тәртібі туралы, сондай-ақ қызметкерлерді материалдық, заттай, медициналық және әлеуметтік қамтамасыз етудегі артықшылықтары туралы хабардар етті. Жас полиция қызметкерлерімен тәлімгерлік институтының жұмысына, олардың маман ретінде қалыптасу тәртібіне назар аударылды.
Білім алушыларға полиция қызметі туралы бейнеролик көрсетіліп, жұмыс берушінің өкілі олардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Білім алушылар практикадан өтуге және ЖОО-ны бітіргеннен кейін БҚО полиция департаментіне жұмысқа шақырылды.