Бүгінгі таңда бәсекелестік жұмыс берушілерді білімберудің барлық деңгейлерінде оқытудың нақты нәтижелеріне қойылатын талаптарды арттыруға және түлектерді командада жұмыс істей білуіне, өз бетінше оқу қабілетіне, кәсіби қызмет саласын тез өзгертуге дайындық сияқты жаңа қасиеттерді қалыптастыруда қажеттілігі туралы мәлімдеп келеді.

Жұмыс берушілер оқу орындарымен жақсы қарым-қатынаста болып және қажетті профильдегі жәнебіліктілікті мамандарды даярлауға тапсырысты қалыптастыра отырып, сондай-ақ түлектердің сапалы дайындығының сапасын бағалауда олар белсенді қатысып отырады.

Бүгін 2022 жылғы 20 қазанында «Ветеринарлық-санитарлық сараптау» пәні шеңберінде «Ветеринариялық медицина» ББ 5 курс білім алушыларына ҚР АШМ «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының өкілімен кездесу өтті, көптеген жылдар бойы кафедра осы мекемемен бірге жұмыстанып келеді.

Тогжанова Дидар Болатовна – сынамаларды қабылдау бөлімінің ветеринариялық дәрігері, біздің университеттің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының түлегі.

Шақырылған қонақ білім алушыларға тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу арқылы халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғауға және осылайша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша өңірдің эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорынның негізгі қызметі туралы айтып берді.

Кездесу барысында кәсіпорынның қызметтері де атап өтілді:

– зертханалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;

– өлшеу құралдарын тексеру және сынақ жабдықтарын аттестаттау;

– дезинфекция сапасын бактериологиялық зерттеу;

– биологиялық қалдықтарды өңдеу және жою.

Сонымен қатар, кәсіпорын өкілі ветеринарлық зертханада жұмыс істеудің міндеттері мен мүмкіндіктері туралы тоқталды. Білім алушылар сұқпаттасудан өтуге және болашақта кәсіпорын ұжымының құрамына кіруге ниет білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz