2022 жылы 20 және 21 қазанда БҚИТУ, ИГФ, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 6В09103 – Ветеринария, 5В120100 –Ветеринариялық медицина, 7М09102– Ветеринариялық медицина, 6В07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша) бойынша 3, 4, 5 курс білім алушыларымен кездесу өтті.

Кездесу модераторы: кафедра меңгерушісі, х.ғ.к., Байтлесова Л.И., топ эдвайзерлері:Хамиева Н.С., Мурзабекова Ж.А., Төлеуова Р.Н.,                 Курмашева Г.Р.

Кафедра меңгерушісі Байтлесова Лаура Ильясовна 2022-2023 оқу жылында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша толық түсініктеме берді. Ағымдағы оқу жылында білім алушылар билетке міндетті түрде практикалық тапсырмаларды енгізе отырып, қорытынды аттестаттаудан өтеді.  Тәжірибелік емтихан мамандардың сапалы дайындығын растау үшін қажет; бұл студенттерге өндіріске жақын жағдайларда игерілген кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында оқу сабақтарына үнемі қатысудың маңыздылығы туралы айтылды. Сондай-ақ, аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу, ағымдағы оқу жылының қысқы емтихан сессиясы, білім беру бағдарламаларына және университет сайтындағы кафедра қызметіне байланысты кафедралық ақпаратты жаңарту туралы толық ақпаратты wkitu.kz сайтынан және инженерлік-гуманитарлық факультеттің (ЭБД) электрондық деректер базасында алуға болатындықтары ескертілді.

Кездесу барысында білім алушылар тарапынан оқу ақысына, қысқы емтихан сессиясының кестесіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Барлық сұрақтар бойынша білім алушылар сенімді, толық ақпарат алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz