Бүгін 2022 жылғы 14 қазанда сағат 11-де Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Давлетова Алтынай Абубакировнамен 6В04202-Құқықтану, 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және – көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламаларының білім алушыларының кездесуі өтті. Кездесуді ИГФ құқық кафедрасының аға оқытушылары А№А№Абдрашит,Ж.К. Тулеугалиева, А. Ж. Сарсенова, А.М.Таужанов  ұйымдастырды.

Кездесу барысында төраға Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы айтып берді, сондай-ақ “мамандандырылған әкімшілік соттар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 500 Жарлығына сәйкес БҚО-ның жаңа мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құрылғанын түсіндірді.  Сот Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдар мен жеке, заңды тұлғалар арасындағы жария-құқықтық дауларды қарау үшін әкімшілік әділетті енгізу шеңберінде құрылды.

Алтынай Әбубәкірқызы студенттерге әкімшілік істер бойынша сот талқылауының рәсімін мысалдармен түсіндірді. Әкімшілік процестің проблемалары туралы айтты.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz