2026 жылдың қараша айында салалық – технологиялар инситуттының  психологы Ф.Ж Разахова институтымыздың  студенттеріне «Психологиялық денсаулық» , «Кибербуллинг немесе антибуллинг» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жоспарына сәйкес өткізілген шарада  білім алушыларға қарым-қатынас, буллинг, кибербуллинг, моббинг, денсаулық, ментальды психология туралы презентациялау арқылы кеңінен түсінік береді. Шара ақпараттық- танымдық, құқықтық бағытта өтті. Студенттер тарапынан толғандырған сұрақтар қойылып, жауаптары алынды. Білім алушылар арасында психологиялық сұрақтар туындаған жағдайда факультеттің жауапты мамандарына жүгінуге болатынын және жедел байланыс номерлері берілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz