2023 ж. 15 наурызда БҚИТУ ИГФ «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «Күмбез» ЖШС сәулетшісі Нариман Қуанғалиұлы Искиндировтың қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Дәріс алдында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Нариков Қанат Амангелдіұлы құттықтау сөз сөйледі. Қонақ дәрісіне «Сәулет және құрылыс» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В07301-«Сәулет» БББ 1,2,3,4 курс студенттері қатысты.
Сәулетші Нариман Искиндиров «Итальяндық қайта өрлеу дәуірінің өнері» тақырыбында дәріс өткізіп, итальяндық өнер мен ренессанс сәулетінің даму тарихын айтып, Флоренциядағы Санта-Мария-дель-Фьоре, Римдегі Пантеон және Темпьетто ғибадатханасы сияқты қызықты тарихи сәулет құрылымдарын, сондай-ақ Микеланджело, Донателло, Рафаэль, Леонардо да Винчи, Тициан, Донато Браманте, Лоренцо Бернини секілді өнер шеберлері мен танымал сәулетшілердің қайта өрлеу дәуіріндегі өнер мен сәулеттің дамуына әсерін тигізгені туралы жеткізді.
Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Білім алушылар дәрістің тақырыбымен терең және ашық танысты, сондай-ақ итальяндық өнер мен сәулетінің қызықты даму тарихы туралы түсінік алды.
Дәріс соңында кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер шақырылған лекторға қызығушылық танытқан дәрісті өткізуге уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, кәсіби қызметінде үлкен табыс тіледі!


