8 желтоқсан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің 20 жылдығына орай Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Үздіктер шеруі» оздырылды. Шарада 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт», 5В011100 –«Информатика» мамандықтарының студенттері шағын концерттік бағдарлама көрсетіп, шаранын соңында спортта жетістікке жеткен, оқудағы үздіктер, университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген студенттер марапатталды.

