2023 жылдың 9-10 қараша күндері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы, дене шынықтыру және спорт магистрі С.А. Бисалиев Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген “Үздік дене шынықтыру педагогі-2023” облыстық байқауының әділ қазылар құрамына шақырылды.  Байқауда аудандық, қалалық кезеңнің үздігі атанған 12 мұғалім бақ сынады.  Екі күндік байқауда қатысушылар “Креативті педагог”, “Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы”, “Үздік бұқаралық спорттық іс-шара” кезеңдерінде өз кәсіби шеберліктерін көрсетті. Шара нәтижесінде  жеңімпаз атанған дене шынықтыру пәні мұғалімдері байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz