2023 жылдың 09 қарашасында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің “Республикалық ветеринарлық зертхана” шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК БҚО филиалының сынамаоарды қабылдау және ақпараттар бөлімінің жетекші маманы Тогжанова Дидара Болатовна шақырылып, 6В09103 – “Ветеринария” және 6В09101-Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға дәрісін оқыды.

Бұл кездесудің мақсаты-студенттерді тұрақты диагностикалық зерттеулер жүргізу және осылайша жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша елдің эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз ету арқылы халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған кәсіпорынның негізгі қызметімен таныстыру. Сондай-ақ мемлекеттік монополия функциялары мен технологиялық байланысты кәсіпорын қызметіне мыналар жатады:

– зертханалық зерттеулер және ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу;

– өлшеу құралдарын тексеру және сынау жабдықтарын аттестаттау;

– дезинфекцияның сапасын бактериологиялық зерттеу;

– биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату және жою.

Барлық зертханалар диагностикалық зерттеулердің классикалық әдістерін жүргізу үшін заманауи жалпы зертханалар мен жабдықталған. Облыстық және өңірлік зертханалар иммуноферментті талдау, полимеразды тізбекті реакция (стандарты нұсқадағы және нақты уақыттағы ПТР), бактериологиялық және вирусологиялық зерттеулер жүргізу үшін қосымша қазіргі заманғы жабдықтар мен жарақталған.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz