03.04.2023 ж. БҚИТУ ИГФ «Сәулет және құрылыс» кафедрасында ИГФ Ғылым Онкүндігі аясында 6В07301-«Сәулет» БББ 2 курс студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Сәулеттік тақырыптағы туындылар әр түрлі техникалар мен материалдарда ұсынылған: графика, макет, аралас техника. Композициялардың бірі Орал қаласының сәулеті тақырыбында орындалды. «Сәулет және құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы, ө.ғ.м. Ж.С. Кенжинаның жетекшілігімен 2 курс студенттері Д.А. Тайшурин, В.С. Ханыкина, Е.М. Мұқамбетжанов, Б.Р. Рахматжанов, Т.А. Дудыкина жұмысқа деген жауапкершілікті, шығармашылықты және ынта-жігерді көрсетті!

«Құрылыс материалдары және жылу физикасы» зертханасында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының меңгерушісі – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор К.А. Нариков және кафедраның аға оқытушылары, т.ғ.м. А.Т. Таскалиев және Н.М. Беккалиев 6В07302-«Құрылыс» БББ 3 курс студенттерімен «Құрылыс материалдары» пәні бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын және «Бетон технологиясы» пәні бойынша эксперименттік жұмыстарды жүргізді. 3 курс студенттері Халилов кен орнының саз балшығының физикалық-механикалық қасиеттерін зерттеді, осы кен орнының саз балшығының негізін қолдана отырып, мұнай шламын қосу арқылы эксперименттік жұмыстар жүргізді. Басты мақсат – өндірісте мұнай қалдықтарын пайдалану арқылы қызыл кірпіштің сапасын арттыру. Сондай-ақ, «Бетон технологиясы» пәні бойынша бетонның технологиялық қасиеттерін және цементтің тығыздығын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz