2023 жылдың 4 сәуірде «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасы Ғылыми онкүндік аясында  6В07102   «Электроэнергетика», 6В07102 Автоматтандыру және басқару (сала бойынша), 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» 2, 3 курс студенттерінің «Электр энергетикасындағы цифрландыру және автоматтандыру: даму тенденциялары мен перспективалары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

Кафедра меңгерушісі В. П. Захаров өз сөзінде факультет оқытушыларының ғылыми жетістіктері туралы айтып, білім алушылардың ғылыми және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын арттырды. Семинар барысында кафедра оқытушылары жасалып жатқан ғылыми жұмыстары туралы, ғылым саласындағы жаңалықтарымен бөлісті. Білім алушылар семинарда цифрлық электр энергетикасы дамудың жаңа технологияларымен танысып, кәзіргі болып жатқан өзекті мәселелерді талкылады.

Іс шараның негізгі мақсаты білім алушылар арасында ғылымға деген қызығушылығын арттыру және де кафедра оқытушыларымен бірлесіп студенттердің ғылыми жұмыстарын дамыту перспективалары талқыланды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz