2023 жылдың 25 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Көлік және технологиялар» кафедрасы мен шетелдік серіктес Тамбов мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп шығармашылық ынтымақтастықты жүзеге асыру шеңберінде,  онлайн режимінде «Ғылым, техника және технологияның даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Бурахта Вера Алексеевна алғы сөз сөйледі.

Конференцияға Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің «Агроинженерия» кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессоры Ведищев Сергей Михайлович.

 «Автомобиль көлігінің техникасы және технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., докторант Коновалов Дмитрий Николаевич, «Автомобиль көлігінің техникасы және технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к., Доровских Дмитрий Владимирович, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіннің, көлік және технологиялар кафедрасының қауымдастырылығын профессоры т.ғ.к., Чурикова Лариса Алексеевна және көлік және технологиялар кафедрасының техника ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылары: Кажиахметова Айнур Ароновна, Киясова Гүлзада Мадиевна.

Конференцияда ғылым, техника және технология саласындағы мәселелер қарастырылды.

Конференция достық шығармашылық жағдайда өтіп, әріптестер арасында кәсіби тәжірибе алмасу болды.

Конференция нәтижесінде шетел университеттерінің ғалымдары қатысушыларына сертификаттар мен Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің басшылығына алғыс хаттар марапатталды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz