2023 жылғы 26 қаңтарда Педагогика факультеті мен Тілдер және менеджмент факультеті Coursera компаниясының Орталық Азия бойынша өкілдері – бизнесті дамыту жөніндегі директоры Eduard Kan мырзамен және бизнесті дамыту жөніндегі консультант Zoe Chua ханыммен онлайн кездесу ұйымдастырды.
Кездесуде Eduard Kan Coursera for Campus бағдарламасының негізгі аспектілері, Coursera-ның әлемдік деңгейдегі контенттермен оқу бағдарламаларын күшейту, тәжірибеге бағытталған оқыту арқылы түлектердің мансаптық дайындығын арттыру, инфрақұрылым шығындарын арттырмай студенттер санын арттыру сияқты мүмкіндіктері туралы сөз қозғады.
Онлайн кездесудің барысында БҚИТУ-дың Coursera компаниясымен ынтымақтастық орнатуы туралы мәселе талқыланды.
