2026 жылғы 12-13 ақпанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Индустриялық технологиялар институты қалалық химия және биология олимпиадасына қатысушыларды қонақжайлылықпен қарсы алды. Іс-шараны ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды.

Олимпиада мектеп оқушыларымен жүргізілетін жүйелі кәсіби бағдар беру жұмысы аясында өткізіліп, химия-биология пәндерін кеңінен насихаттауға, ғылыми-зерттеу қызметіне тұрақты қызығушылық қалыптастыруға және білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.

Зияткерлік сайысқа Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сыныптарынан 94 оқушы қатысып, химия мен биология пәндері бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды.

Олимпиада барысында оқушылар терең теориялық білім мен дамыған практикалық дағдыларды талап ететін күрделі тапсырмаларды орындады. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, талдау жасай білу қабілетін, алған білімдерін тиімді қолдану және стандартты емес мәселелердің шешімін табу дағдыларын көрсетті.

Іс-шара салтанатты жабылу рәсімімен қорытындыланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталып, университетке оқуға түсу кезінде білім алу жеңілдіктеріне ие болды.

Олимпиадаға қатысқан барлық оқушылар мен олардың жетекшілеріне белсенді қатысқандары, қызығушылық танытқандары және нәтижелі еңбектері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz