2023 жылдың 7 желтоқсан күні Орал қаласының білім беру бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №46 жалпы орта білім беретін мектебінде оздырылған «Аңызға арналған тұлға» атты тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық ғылыми-әдістемелік конференцияға Қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Бақытжанұлы Құрманалин қатынасты. Конференция аталмыш мектептің 10 жылдық мерейтойы мен Бауыржан Момышұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.

Конференция мақсаты Бауыржан Момышұлының ерен еңбектері мен қоғамдық қызметі, шығармашылығы мен қалдырған рухани мұрасын зерделей келе, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың маңыздылығын насихаттау. Ғылыми-әдістемелік конференцияның пленарлық мәжілісінде С.Б.Құрманалин Бауыржан Момышұлының қазақ халқының тарихындағы және ХХ ғасырдың әскери өміріндегі алар орны туралы баяндама жасады. Сонымен бірге, Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы патриотизм мәселесі бағытындағы секциялық отырысқа модератор болып, баяндамаларды талқылауға қатынасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz