2023 жылдың 29 қараша күні Педагогикалық шеберлік мектебі аясында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы И.К. Жұмағалиевтің 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» БББ – сының білім алушыларына «Тәжірибелік сабақта аралас оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді. Практикалық сабақ тіршілік қауіпсіздігі саласындағы өзекті бағыт болып келетін жазатайым оқиғалар кезінде адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістемесіне арналған. Сабақ барысында аралас оқыту әдістерінің түрі қолданылды.
Аралас оқыту әдісі – дәстүрлі және электронды оқыту форматтарын біріктіретін білім беру тәсілі. Сабақта оқытудың дәстүрлі түрі арнайы ақпараттық технологияларды – компьютерлік бағдарламаларды, аудиожазбаларды, бейнефильмдерді, интерактивті презентацияларды пайдаланатын электрондық оқыту элементтерімен ұштастырылды. Аралас оқытудың артықшылықтары – жүйелілік, көрнекілік және үздіксіздікден тұрады. Аралас оқыту – оқытудың инновациялық, заманауи әдісі. Нәтижесінде білім алушылар сабаққа қызығушылық танытып, дәстүрлі және электронды оқыту әдістерінің тиімділігі арасындағы айырмашылықты меңгерді.

