Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрығына сәйкес, федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орнының кеңесінің шешімі негізінде Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, 05.20.01 – Ауыл шаруашылығын механикаландырудың технологиялары мен құралдары (техникалық ғылымдар) мамандығы бойынша, техника ғылымдарының магистрі, «Көлік және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Кажиахметова Айнур Ароновнаға техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Айнұр Ароновна «Кері жүрістің белсенді арнасы бар бұрандалы араластырғышпен құрғақ борпылдақ құрама жемдерді дайындаудың технологиялық процесін жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
Ғылыми жетекшісі – Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің (ТМТУ) «Агроинженерия» кафедра меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессоры, Ведищев Сергей Михайлович.
БҚИТУ басшылығы мен ұжымы Айнұр Ароновнаны техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды.
Диссертация қорғау – үлкен еңбек, ал ғылыми дәрежеге ие болу – сіздің адалдығыңыздың, әлеуетіңіз бен жоғары біліктілігіңіздің нақты дәлелі. Сізге таңдаған жолыңызда әрі қарай даму және жүзеге асыру үшін жаңа идеялар, перспективалар мен шексіз мүмкіндіктер тілейміз. Бұл оқиға сіздің дамуыңыздың тағы бір маңызды қадамы болып, үлкен ғылымға жол ашсын!