Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі  Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі  орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылдың 11-22 қыркүйегі аралығында орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.  

Курс мақсаты – орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтерінің әдістемелік шеберліктерін шыңдау, жаңа инновациялық оқыту тәсілдерін жетілдіру, тәжірибе алмасу.    

Аталған курсқа  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің қоғамдық пәндер және дене мәдениеті, педагогика және психология кафедрасының оқытушылары дәріс оқып, практикалық сабақтар мен вариативті модульді сабақтар өткізді. Атап айтқанда, білім беру сапасын арттыру контексінде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру, дене шынықтыруды оқытудың заманауи технологиялары модулі бойынша педагогика ғылымдарының магистрі С.А.Бисалиев, педагогика ғылымдарының магистрі Б.А.Медресов, педагогика ғылымдарының магистрі Н.С.Куспанов, педагогика ғылымдарының магистрі Қ.Ө.Жұмарыстанов, денсаулық жағдайында ауытқулары бар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың дене тәрбиесі модулі бойынша Т.З.Бегилов, ІТ құзыреттілік модулі бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты Ж.С.Кажиакпарова, педагогика ғылымдарының магистрі А.Ж.Нариманова, психологиялық-педагогикалық модуль бойынша психология ғылымдарының магистрі Б.Т.Халикова  білім алушыларға сабақ өткізді. Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz