Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған Алаш қозғалысының қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі Нұрғали Ипмағамбетовтың есімін ұлықтауға арналған «Азаттық аңсаған азамат» атты көрменің ашылуына қатысты.

Көрмеге Нұрғали Ипмағамбетовке қатысты мұрағат құжаттарының көшірмелері, фотосуреттер, кітаптар қойылды.

Шара барысында соңғы кезде алаш тарихын зерттеуде атқарылып жатқан  істер, Н.Ипмағамбетовтің өмірі мен қызметіне қатысты деректер айтылып, зерттеудің өзекті мәселелері талданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz