Ашық есік күні: жоғары оқу орнының студенттері МСҚБ және жер қатынастары басқармаларының жұмысымен танысты

Білім алушылардың практикалық даярлығын жетілдіру, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және кәсіби бағдар беру мақсатында Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау (МСҚБ) басқармасы мен Жер қатынастары басқармасында Ашық есік күні өтті. Іс-шараға 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр», 6В07302 «Құрылыс» және 6В07301 «Сәулет» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.

Жер қатынастары басқармасына барған кезде білім алушылар басқарманың негізгі қызмет бағыттарымен және жер ресурстарын басқару саласындағы мамандардың міндеттерімен жан-жақты танысты. Ведомство өкілдері білім алушыларға жер учаскелерін беру және оларды нысаналы пайдалану тәртібі, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу, сондай-ақ жерді ұтымды пайдалану және қорғаудың заманауи тәсілдері туралы толық ақпарат берді. Жерге орналастыру мамандарының практикалық қызметіне, геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ), цифрлық карталарды және кеңістіктік жоспарлаудағы геодезиялық технологияларды қолдануға ерекше назар аударылды.

Бағдарламаның МСҚБ басқармасының қызметіне арналған бөлігі де мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған сипатта өтті. Мекеменің негізгі міндеті – қала құрылысы тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету, салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың сапасына, сенімділігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру, сондай-ақ сәулет-құрылыс қызметі саласында азаматтар мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Кездесу барысында білім алушылар басқарма басшылығы мен мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарына қойылатын кәсіби талаптар туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар өндірістік және дипломалды практикалардан өту мүмкіндіктері, сондай-ақ кейіннен жұмысқа орналасу перспективалары талқыланды.

Осындай кешенді іс-шараларды өткізу жоғары оқу орны мен бейінді мемлекеттік мекемелер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға, білім алушылардың практикалық даярлығының сапасын арттыруға және олардың болашақ кәсіби даму бағытын айқындауға ықпал етеді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz