2026 жыл 5 қазанда АРХ-32 тобына «Сәулеттік жобалау III» пәнінен практикалық ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында студенттер жоба бойынша жұмыс жасап, сәулеттік қималарды орындап, жоспарлау және конструктивтік шешімдердің өзара байланысын талдады, сондай-ақ ғимараттың көлемдік-кеңістіктік композициясын пысықтады.

Оқытушы Абатова А. С. студенттерге консультация беріп, жобалық шешімдерді жетілдіруге көмектесті. Сабақ барысында сызбаларды сауатты орындауға, масштабты сақтауға және сәулеттік элементтерді дәл көрсетуге ерекше көңіл бөлді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz