Батыс   Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің  «Білім  және менеджмент институты» кітапханасының қоры  филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбділманов Алтынбек Әбутәліұлының  Орал қаласы «QUANYSH» баспасынан жарық көрген жаңа монографиясының бірнеше данасымен толықты.

        «Арнаулы сала тілін қалыптастырудың ғылыми-практикалық негіздері (мұнай және газ кенорындарын игеру мен пайдалану саласы терминдері бойынша)» деп аталған монографияда қазақ тіліндегі мұнай мен газ саласына қатысты қолданып жүрген лексикалық бірліктердің терминдену үдерісі мен әлеуеті зерттеуге алынған. Ғалым ізденіс жұмысында тұтас сала тілінің арнаулы сипатын анықтап, арнаулы сала тілінің негізгі белгілерін анықтауға талпынған.

       Зерттеу жұмысы әр жылдарда шыққан оқу құралдары мен оқулықтарда, сөздіктерде қолданылған терминдер мен терминүміткер сөздерді талдау, саралау, салыстыру негізінде жүргізілген.

        Арнаулы тіл соның ішінде терминология мәселесін зерделеп зерттегісі келетін студенттер мен магистранттар үшін таптырмас еңбек.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz