Шахмат – өнер, ғылым және спорт элементтерін біріктіретін 64 ұяшықтан тұратын тақтада шахмат фигуралары бар логикалық үстел ойыны. Шахматты әдетте екі ойыншы бір-біріне қарсы ойнайды. 2024 жылдың 13-14 қаңтар аралығында шахматтан ересектер (50+) арасында Орал қаласының ашық чемпионаты өтті. Осы чемпионатта Батыс Қазақстан облысының қаласы мен аудандарынан шахматшылар қатысты. Байқау швейцариялық жүйе бойынша өтіп, жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Қадырғалиев Нұрболат Меңдіғалиұлы жеңіске жетті. Жеңісіңізбен құттықтай отырып, деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс тілейміз!