2022 жылдың 15 сәуірінде Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Құқықтық мәдениет» жобасын арнайы іске асыру аясында «Құқықтық мәдениет- заман талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, Педагогика факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері қатысты. Шараның мақсаты- құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін түсіндіру, азаматтық- құқықтық және адамгершілік мәдениетке тәрбиелеу, студенттерге өз құқықтарын жете білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыра білу және құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу. Шара барысында баяндамалар оқылып, бейнежазбалар мен слайдтар көрсетілді. Заң ғылымдарының магистрі, оқытушы Ж.Р. Махсотова кітапханада ұйымдастырылған «Құқықтық сауаттылық- уақыт талабы» атты кітап көрмесімен студенттерді таныстырды.

