2022 жылдың 15 сәуірінде 6В09103 “Ветеринария” білім беру бағдарламасының студенттері мен 7М09102 “Ветеринариялық медицина” магистранттары үшін “Шамшырақ” ӘШӨК директорының м.а. Әбдіғаппаров Нүркен Нұрлыбекұлы “Асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру” тақырыбына қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында студенттер “Шамшырақ” ӘШӨК және ІҚМ мен ұсақ малға арналған екі желіге есептелген шаруашылық аумағында орналасқан мал сою цехы туралы білді. Қуаттылығы бір ауысымда ірі қара мал 70 бас, қой 120 бас сойылатындығы айтылып кетті. Цех толығымен автоматтандырылған, жабдықталған. Шаруашылықта қуаттылығы-1 200 басқа дейін ұсталатын, оның ішінде ІҚМ (400 бас), ҰММ (800 бас) бордақылау алаңы бар.

Сондай-ақ, Нүркен Нұрлыбеков ауыл шаруашылығы саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, мал дәрігерінің мансабында қандай аурулар кездесуі мүмкін екендігі туралы айтты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz