2022 жылдың 7 сәуірінде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде өткен «Ғылым және жастар – табысты болашақтың сенімді кепілі» атты І Республикалық магистранттар слетіне МНДП-12 тобының магистранты Юсупов Мансур (ғылыми жетекшісі, т.ғ.к. Ихсанов Қ.А.) қатысты.
Слеттің негізгі мақсаты – ғылымды дамытудың басым бағыттары аясында еліміздің жоғары оқу орындары магистранттарының ғылыми-инновациялық қызметін дамыту және тиімділігін арттыру мәселелерін талқылау.
Мұнай-газ ісі кафедрасы